Выставка «Легендарный Максим»

2024 жылғы 18-24 сәуір аралығындағы Қазақстандағы  Саха Республикасының (Якутия) күндерінің аясында  18 сәуір күні ҚР Ұлттық архиві мен Қазмедиа ғимаратында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві көрнекті саяси және қоғам қайраткері М.К. Аммосовты еске алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының бірінші басшысы Максим Кирович Аммосовтың өмірі мен қызметіне арналған «Аңызға айналған Максим» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге Саха республикасының басшысы (Якутия) Николаев Айсен Сергеевич, Саха республикасының өкілдері (Якутия) Жирков Александр Николаевич – Мемлекеттік жиналыс төрағасының бірінші орынбасары (Ил Тумен), Кононов Василий Александрович – Мемлекеттік жиналыс аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы (Ил Тумен) және Саха Республикасы Үкіметінің мүшелері (Якутия), Қазақстан Республикасының Парламент мүшелері, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Қанатханұлы Әлішев, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Зейноллақызы Маликова.

Экспозицияда 1897 жылдан 1938 жылға дейін Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қорларынан М.К.Аммосовтың өмірі мен қызмет жолына қатысты материалдар (архивтік құжаттар мен фотосуреттер) ұсынылды.

Поделиться