Қазақстан: Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!

2025 жылғы 21 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай архив құжаттары негізінде «Қазақстан: Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілдері, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Зейноллақызы Мәлікова, республикалық және облыстық архивтердің басшылары, ғалымдар, профессорлар қатысты.

Бөлісу