«Тарихи тұлға тағылымы»: Жұмабек Тәшеновтің 110 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция
2025 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Тарихи тұлға тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға тарих ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Мәлікованың Сауле Зейноллақызы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Құрметті профессоры Оспанов Кемел Қарашияұлы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы, Жұмабек Тәшеновтің ұлы Тәшенов Саян Жұмабекұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы Нұрақаев Ерік Есімұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Аяған Бүркітбай Ғелманұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кондрашин Виктор Викторович, философия ғылымдарының докторы, Баку Бизнес Университетінің профессоры Дадашева Рейхан Бахрамқызы, тарих ғылымдарының докторы, Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің ғылыми бөлімінің бас маманы Панто Дмитрий, педагогика ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор Дүйсен Сейітқали Жахияұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Енсенов Қанат Алексеевич, Жұмабек Тәшенов атындағы №20 мектеп директоры Жамулдинова Жібек Ескенқызы, М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессорлары, мектеп оқушылары, қоғам қайраткерлері, архив қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар қатысушылар назарына Жұмабек Тәшеновтің өмірі мен қызметіне арналған сирек құжаттар, фотосуреттер мен архив материалдары қойылған көрме-экспозиция ұсынылды.
