Архившілер күніне арналған салтанатты
2024 жылғы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде Архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры С. З. Мәлікова жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстың архив қызметінің жетістіктері туралы айтып, Владимир Иванович Трусовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Архив ісінің үздігі» көрмесінің тұсаукесерін өткізді.
Мерекеде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастикалық жұмыс және архив ісі бөлімінің басшысы Н.Д.Жамантаев, облыстық мәдениет саласындағы кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.М.Касимова құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты шараға облыстық архив пен оның филиалдарының қызметкерлері, архив саласының ардагерлері, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері қатысты.
Іс-шара аясында Ақжар аудандық филиалының архивисі Жұмаділова Парилаш, Тайынша аудандық филиалының архивисі Олейник Зоя Геннадьевна «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, архив қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің, СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві мен кәсіподақтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын марапатталды.