ХХ ғ. б. Солтүстік Қазақстан: ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен мұрасы

ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2024 жылдың 4 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «ХХ ғ. б. Солтүстік Қазақстан: ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары академик, профессор, ф.ғ.к., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері З.С.Тайшыбай, тарих, экономика және құқық факультетінің деканы, т.ғ.к. З.К.Картова, облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері, облыстық архивтің қызметкерлері, аудан филиалдарының директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, т.ғ.к. Сәуле Зейноллақызы Мәлікова Ресей мен Өзбекстан архив қорларында анықталған құжаттармен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушыларға Қызылжар өңірінің ұлт зиялылары – Мағжан Жұмабай, Жұмағали Тілеулин, Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Айдархан Тұрлыбай, Байбатыр Ержанов, Салмақбай Күсемісов, Ахмет Жанталинның өмірі мен қызмет жолы және шығармашылығына қатысты бірегей архивтік құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Бөлісу