Республика күні Ұлттық мереке
2024 жылдың 21 қазан күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен облыстық архив қабырғасында Республика күніне арналған «Республика күні Ұлттық мереке» атты дөңгелек үстел өткізілді. Архив директоры С.З.Мәлікова шара барысында ҚР Ұлттық мерекесі- республика күні жайлы тарихи дректермен бөлісіп, ел егеменділігінің маңыздылығы, Қазақстанның тәуелсіздік жыларындағы дамуы туралы баяндады.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкерлері мен аудандық филиалдардың директорлары қатысты.