Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V отырысы
2024 жылғы 26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V отырысы өтті. Комиссия отырысында тараптар қазіргі кезеңдегі архив саласының жай-күйі, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, бірқатар бірлескен құжаттар жинағын, оның ішінде: «Казахстан в Великой Отечественной войне.1940-1945», «Целина: освоение целинных и залежных земель в России и Казахстане. Конец 1920-х-1960-е гг.», «Россия и Казахстан. Судьбы детей в эпоху потрясений. 1930-1940-е годы», «Становление и развитие науки Казахстана», «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» (фотоальбом) дайындау барысы талқыланды.
Отырыс аясында қазақстандық және ресейлік архившілердің дайындаған «Голод в Казахстане и России. 1927-1934 гг.» құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізді. Жинақтың негізін аштықтың алғышарттары мен себептерін сипаттайтын құжаттар құрайды. Сондай-ақ, құжаттар Ресей мен Қазақстан халықтарының ашаршылық кезеңіндегі жалпы трагедиясын, оның салдарын айқын баяндайды. Тұсаукесерге Ресей Федерациясының Федералды архив агенттігінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылықтары, екі мемлекеттің тарихшы-ғалымдары мен архившілері, БАҚ өкілдері қатысты.