Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру

2024 жылдың 2 қыркүйек сүні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» атты көрме өткізілді. Іс-шара Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Мәлікова Сәуле Зейноллақызының құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шарада архив қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің салған суреттерінен, атап айтқанда Жұмабекова Салтанат Дулатқызы, Рамазанов Әсет Жасұланұлының түрлі тақырыптағы суреттері мен Приказчиков Алексей Васильевичтің қолөнер туындылары ұсынылды. Архив қызметкері Исатай Махамбет ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, ата тегіміздің туыстық бөлінісін сипаттап, баяндайтын шежіресін айтып берді. Сонымен қатар архив қызметкерлерінің отбасылық фотоларынан видеоколлаж әзірленді.

Бөлісу