Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры
2024 жылғы 28 тамызда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараға С. Д. Салмурзин – “Асыл мұра” ғылыми орталығының қызметкері, онлайн режимде аудандық филиалдардың директорлары қатысты.
Қатысушылардың қызығушылығын көрменің архив құжаттары: 1995 жылғы 30 тамызда СҚО – да референдум өткізу туралы “Ата заңым-айбыным” көрмесінің, ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымда референдум өткізу туралы Жарлығы, еліміздің 5 Конституциясының тарихы мен мазмұны тудырды.