“Әділетті Қазақстан – Адал Азамат” көрмесінің тұсаукесері өтті

2024 жылғы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде Алғыс айту күніне орай “Әділетті Қазақстан – Адал Азамат” көрмесінің тұсаукесері өтті, оған СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, №17 мектеп оқушылары, облыстық мұрағат қызметкерлері қатысты.

Көрмеде мынадай құнды архивтік құжаттар ұсынылған: ҚР Президентінің Алғыс айту күнін мерекелеу туралы Жарлығы, облыстық ұлттық орталықтардың, қауымдастықтардың жұмысы туралы құжаттар, әртүрлі ұлттардың атақты өкілдері туралы материалдар.

Бөлісу