Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру
2024 жылғы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде ZOOM платформасында филиалдар директорлары Ресей Федерациясының азаматтары үшін еңбек өтілі мен жалақысы туралы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар сабағын өткізді.
«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «РММ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Қожағұлова Ботагөз Қайырбековна сөз сөйледі. Филиал директорлары тақырып бойынша сұрақтар қойылды.