«Архив және болашақ ұрпақ» жобасының аясындағы Ашық есік күні өткізілд

2024 жылдың 20 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының аясындағы Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға Петропавл қаласындағы №8 орта мектеп-эстетикалық тәрбие кешенінің оқушылары қатысты. Оқушылардың назарына «Қызылжары қазынасы: құнды архив құжаттарындағы тарих» атты бірегей құжаттар көрмесі мен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің басылымдары ұсынылды. Сонымен қатар, облыстық архив бойынша экскурсия жүргізілді.

Бөлісу